25 Маусым, 2015

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрілігінің бұйрығы  №124

823 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
2015 жылғы 16 наурыз, Астана қаласы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5 бабының 8-3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары бекітілсін. 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов): 1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауды қамтамасыз етсін; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау білім және ғылым вице-министрі Т.О. Балықбаевқа жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Министрдің міндетін атқарушы Т.Балықбаев. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген. 2. Қағидалар меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, педагогикалық және ғылыми қызметте жоғары жетістіктері бар жоғары оқу орындарының (бұдан әрі - ЖОО) оқытушыларына оларды көтермелеу және қолдау мақсатында «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын (бұдан әрі - атақ) беру тәртібін айқындайды. 3. Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Конкурстың қатысушысы - Конкурсқа қатысу үшін құжаттарын осы Қағидаларға сәйкес ұсынған ЖОО-ның штаттағы оқытушысы; 2) республикалық конкурстық комиссия - «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган құратын комиссия (бұдан әрі - Комиссия). 4. Атақ бір адамға келесі бес жыл ішінде бір реттен артық берілмейді. 2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру тәртібі 5. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру Конкурсына мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады: 1) ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатындар; 2) Конкурсқа құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі барлар. 6. Конкурс жыл сайын екі кезеңде 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштеріне» сәйкес өткізіледі: 1) I кезең - ЖОО-ның ішінде, ол ағымдағы жылғы қазанда өткізіледі.Конкурсты ЖОО-ның ішінде өткізу тәртібін ЖОО дербес айқындайды. ЖОО-ның ішкі конкурсы нәтижелері бойынша 50 штаттық оқытушыға 1 үміткерден аспайтын есеппен ғылыми кеңестің шешімімен Конкурстың II кезеңіне қатысуға ұсынылатын ЖОО-ның үздік оқытушылары айқындалады. Оқытушылардың штаттық саны 50 адамға жетпейтін ЖОО-да 1 үміткер айқындалады. 2) II кезең - республикалық, ол ағымдағы жылғы желтоқсанда өткізіледі. Конкурстың республикалық кезеңін Комиссия өткізеді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің басшысы (бұдан әрі - Министрлік) оның төрағасы (бұдан әрі - Комиссия төрағасы) болып табылады. Ол болмаған жағдайда, төрағаның міндеттері оның орынбасарына жүктеледі. 7. Комиссия министрліктің, басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жүйесінің заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдерінен, сондай-ақ жетекші ғалымдар мен мамандардан құрылады. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды (19-дан аспайды). Комиссия отырысы оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған жағдайда заңды деп саналады. 8. Комиссияның дербес құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі. 9. Конкурс Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында ол туралы ақпарат жарияланғаннан, сондай-ақ министрліктің интернет-ресурсында ағымдағы жылғы қыркүйекте орналастырылған күннен бастап жарияланған деп саналады. 10. Конкурсқа қатысу үшін ағымдағы жылғы қарашада үміткерлер министрлікке мынадай құжаттарды ұсынады: 1) осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысуға нысан бойынша өтінім; 2) сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес мәліметтер; 3) осы қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес жылдық жұмыс жоспар-кестесі; 4) ЖОО ғалымдар кеңесінің ұсынымы; 5) жұмыс орны растаған кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парағы; 6) жеке куәліктің көшірмесі; 7) карточкалық базадағы 20 таңбалы ағымдағы шоты туралы хабарлама. 11. Конкурсқа ұсынылған құжаттар жетекші ғалымдар, ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамының арасынан құрылған сараптама тобы жүзеге асыратын сараптаудан өтеді. Сараптама тобының дербес құрамы министрлік басшысының шешімімен бекітіледі. Бұл ретте сараптама тобының дербес құрамы Комиссия құрамымен сәйкес болмауы тиіс. Сараптама тобы қосымшаға сәйкес әрбір құжат бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерге сәйкес қорытынды береді. 12. Конкурсқа қатысушы дұрыс емес немесе толық емес мәліметтер ұсынған жағдайда, сараптама тобы оны қатысушылардың тізімінен шығару туралы ұсынысты жазбаша негіздемемен Комиссияға ұсынады. 13. Сараптама тобының қорытындысы хаттамамен рәсімделеді және қарау үшін Комиссияға беріледі, бұл ретте сараптама тобының әрбір мүшесі ерекше пікірге құқылы. 14. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру туралы Комиссияның шешімі қатысқан мүшелердің жай көпшілік дауысымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді. 15. Конкурстың қорытындылары Қазақстан Республикасының барлық аумағына таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында конкурстың қорытындысы шыққаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жарияланады, сондай-ақ министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. 16. Комиссияның шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. 17. Конкурстың қорытындысы бойынша атақтың иегеріне осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес куәлік беріледі және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен тиісті қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына 1-қосымша «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беруге үміткерлердің жұмысын бағалаудың сапалық және сандық көрсеткіштері № Көрсеткіштер Балдар Негізгі сипаттамасы 1 2 3 4 1. Соңғы 5 жылдағы әзірлеу және басып шығару (атқарылған жұмыстың көлемі көрсетілген жеке өзі немесе бірлестік авторлық) 6-4 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған оқулық 4-3 1.2 Монографиялар: 4-3 1.3 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі ұсынған оқу құралы: 3-2 1.4 Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, үлгілік оқу бағдарламалары: 2-1 1.5 ЖОО-ның оқу кеңесі ұсынған оқу құралдары: 2-1 1.6 Белгіленген тәртіппен бекітілген электрондық оқыту құралдары: 1-0,5 1.7 Жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; 2. Соңғы бес жылда оқу процесіне енгізілген инновациялық оқыту технологиялары 2-1 2.1 Жаңа оқу пәндерін әзірлеу, оның ішінде авторлық пәндер: 2-1 2.2 Оқытудың инновациялық технологияларын немесе оның элементтерін әзірлеу және енгізу (қолданылған технологиялардың сипаттамасын енгізу актісін қоса ұсыну): 2-1 2.3 Дәрістік материалдардың және өзге де интерактивті режимдегі сабақ түрлерін таныстыруды әзірлеу және қолдану (таныстыруларды ұсыну): 3. Соңғы жылы интерактивтік режимде ашық сабақ өткізу, оның ішінде шет тілдерде базалық және/немесе бейінді пәндер бойынша (бір тармақты белгілеу) 2 1 Басшылардың және оқытушылардың сабақтарға келу нәтижелері бойынша баға: 3.1 жоғары деңгей: 3.2 орта деңгей: (әр ашық сабаққа хаттама ұсынылсын) 4. Соңғы бес жылда студенттің ғылыми-зерттеу және шығармашылық жұмыстарына басшылық ету (қажетті тармақты белгілеу) 3-2 2-1 1-0,5 4.1 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған пәндік олимпиадалардың жеңімпаз-студенттерінің саны: 4.1.1 халықаралық деңгейдегі: 4.1.2 республикалық деңгейдегі: 4.1.3 жоғары оқу орны деңгейіндегі: 3-2 2-1 1-0,5 4.2 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған ғылыми-зерттеу және студенттердің шығармашылық жұмыстарының жеңімпаз-студенттерінің саны: 4.2.1 халықаралық деңгейдегі: 4.2.2 республикалық деңгейдегі: 4.2.3 жоғары оқу орны деңгейіндегі: 2-1 1-0,5 0,5-0 0,5-0 4.3 Сіздің басшылығыңызбен дайындалған конференциялардың және басқа да жарыстардың жеңімпаз-студенттерінің саны: 4.3.1 халықаралық деңгейдегі: 4.3.2 республикалық деңгейдегі: 4.3.3 облыстық және қалалық деңгейдегі: 4.3.4 жоғары оқу орны деңгейіндегі: 5. Соңғы жылы «Оқытушы студенттер көзқарасымен» тәуелсіз сауалнама нәтижесімен бірге анықталатын оқыту сапасы тармақты белгілеу) 2 1 0,5 0 Жоғары баға бергендер: 5.1 сұралғандардың 90% және одан да жоғары: 5.2 сұралғандардың 70% -дан 89%-ға дейін: 5.3 сұралғандардың 50% -дан 69%- ға дейін. 5.4 сұралғандардың 50%-ға дейінгі үлесі: 6. Күндізгі бөлімнің білім алушыларының үлгерімі (бір тармақты белгілеу) 2 1 0 0 Соңғы оқу жылында барлық пәндер бойынша күндізгі бөлімде оқып жатқандардың орта балл үлгерімі: 6.1 4-тен 5 балға дейін: 6.2 3,5-тен 4 балға дейін; 6.3 3, 0- ден 3,5 балға дейін; 6.4 3,0-ден төмен: 7. Соңғы үш жылдағы ұйымдастыру жұмысы (7.2 тармақта бір тармақты белгілеу) 2 1 7.1 Кеңестердің, комиссиялардың, комитеттердің, жұмыс топтарының жұмысына қатысу: 7.1.1 республикалық деңгейде: 7.1.2 өңірлік деңгейде: 2 1 0,5 7.2 Эдвайзер ретінде жұмыс атқару, бекітілген студенттер саны: 7.2.1 100 және одан жоғары: 7.2.2 50-ден 99-ға дейін: 7.2.3 50-ге дейін: 8. Соңғы үш жылдағы тәрбиелік жұмыс 2 1 Білім алушыларды адамагершілік-отансүйгіштік және дене тәрбиесі тұрғысынан қамтамасыз ететін кешенді іс-шараларды іске асыру: 8.1 республикалық деңгейде: 8.2 өңірлік деңгейде: 9. Академиялық, ғылыми дәрежесінің, ғылыми атағының болуы (бір тармақты белгілеу) 2 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) немесе Қазақстан Республикасының Жоғарғы аттестаттау комитеті (бұдан әрі-ЖАК) немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (бұдан әрі-КСРО) ЖАК бекіткен ғылым докторы немесе профессор 1,5 Комитет немесе Қазақстан Республикасының ЖАК немесе бұрынғы КСРО ЖАК бекіткен ғылым кандидаты немесе доцент, РhD докторы 0,5 Магистр 10. Соңғы бес жылдағы жылдардағы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу 3-2 10.1 Халықаралық жобалар: 2-1 10.2 Республикалық жобалар (іргелі немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер): 1-0,5 10.3 Шарттық жұмыстар: 11. Соңғы бес жылдағы ғылыми жетістіктері 5-4 3-2 2-1 1-0,5 11.1 Жарияланымдар: 11.1.1 рейтингі бар ғылыми басылымдарда (импакт-фактормен) 11.1.2 Комитет тізбесіне енгізілген басылымдарда: 11.1.3 Қазақстан Республикасының басқа басылымдарында: 11.1.4 өзге елдердің ғылыми басылымдарында: 4-3 11.2 Хирша индексінің бар болуы: 4-3 3-2 2-1 1-0,5 11.3 Кәсіптік және педагогикалық біліктілікті арттыру: 11.3.1 алыс шетел конференцияларында: 11.3.2 таяу шетел конференцияларында: 11.3.3 Қазақстан Республикасы аумағындағы семинарларда, халықаралық конференцияларда, симпозиумдарда: 11.3.4 республикалық конференцияларда, симпозиумдар, семинарларда және т.б. 3-2 11.4 Патенттер және алдыңғы патенттер, авторлық туындылар, зияткерлік меншік объектісінің мемлекеттік тіркелуінің болуы: 12. Соңғы бес жылда ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау 3-2 2-1 1-0,5 Даярлау: 12.1 ғылым докторларын: 12.2 ғылым кандидаттарын, Ph.D докторларын: 12. 3 магистрларды: Қорытынды жоғарғы балл: 100 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына 2-қосымша Нысан «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысушының өтінімі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсына қатысу үшін. Маған конкурсқа қатысуға рұқсат беруіңізді сұраймын. Өзім туралы келесі мәліметтерді хабарлаймын: 1. Жұмыс орны 2. Туған күні, айы, жылы 3. Лауазымы 4. Жұмыс өтілі 5. Білімі (қандай оқу орнын, факультетті қай жылы бітірді) 6. Ғылыми дәрежесі/атағы 7. Индексі көрсетілген үйінің мекен-жайы 8. Жеке куәлігінің деректері (нөмірі, қашан және кім берді, ЖИН) 9. Байланыс телефоны (үй, ұялы) 10. Марапаттаулары, көтермелеу Қосымша: Конкурсқа қатысу үшін құжаттар_____п, оның ішінде қосымша ____п. Конкурсқа қатысушы ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Толтырған күні 201__ жылғы « » ______ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына 3-қосымша Нысан Жылдық жұмыс-жоспарының кестесі № Жұмыс түрлерінің атауы Көрсетілген жұмыс түрін іске асыруға негіздеме Іске асыру мерзімі басталуы аяқталуы Конкурсқа қатысушы _____________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты, қолы) Толтырған күні 201__ жылғы « » ______ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына 4-қосымша Қазақста Министерство Республикасы образования и науки Білім және ғылым Республики Казахстан министрлігі КУӘЛІК СВИДЕТЕЛЬСТВО _______________________________ _____________________________ _______________________________ _____________________________ _______________________________ _____________________________ М.О    Министр Аты-жөні Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10506 болып енгізілді.